Шаңхай, 2026 жылғы 2 қыркүйек
2026 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Шаңхай қаласындағы Бас консулдығында Қытай халықаралық импорт көрме (CIIE) Бюросы бас директорының орынбасары Сяо Лу және сол Бюро халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Ян Цюминмен кездесу өтті.
Кездесу барысында ү.ж. қараша басында Шаңхайдың Ұлттық көрме орталығында өтетін кезекті 9-шы Қытай халықаралық импорт көрмесіне (CIIE) Қазақстанның қатысуына дайындық мәселелері талқыланды.
Биыл CIIE көрмесіне 65 мемлекет пен 4 халықаралық ұйымның қатысуы күтілуде. Қазақстан Республикасы аталған көрмеге дәстүрлі түрде жыл сайын қатысып келеді. Олардың қатарында 2025 жылғы маусымда Шаңхай қаласымен бауырластық қатынастар орнатқан Алматы қаласы да бар. Халықаралық көрмеде 50-ден астам қазақстандық компания отандық өнімдерін таныстыру үшін Шанхайға келуге дайындалып жатыр.
Сұхбат кезінде қазақстандық кәсіпорындардың ірі қытайлық компаниялармен, сауда желілерімен және әлеуетті импорттаушылармен B2B-кездесулерін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Бұл жұмыс қазақстандық өнімдерді ілгерілетуге және олардың Қытай нарығындағы үлесін кеңейтуге бағытталған.
Тараптар сондай-ақ CIIE аясында Қазақстанның ұлттық брендтерін ілгерілету, сондай-ақ отандық өнімдердің қытайлық тұтынушылар мен іскер топтар арасындағы танымалдығын арттыру үшін көрме мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерін қарастырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар CIIE-2026 аясында ұлттық экспозицияны дайындау және іскерлік бағдарламаны қалыптастыру мәселелері бойынша үйлестіру жұмысын жалғастыруға уағдаласты.