«АРДАГЕР СЫЙҒА ТАРТҚАН КІТАП» АКЦИЯСЫ

«АРДАГЕР СЫЙҒА ТАРТҚАН КІТАП» АКЦИЯСЫ

1 қыркүйек күні «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» жобасының жеті басым бағытын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына сәйкес, «Зерделі ұлт» бастамасы аясында «Ардагер сыйға тартқан кітап» акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараға ақын, бірнеше туындының авторы, Ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Маймақов Айболат Тілеубайұлы қатысты.

Акция барысында ардагер тағылымы мол туындыларын басқарманың жас мамандарына сыйға тартты. Игі бастаманың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, жастардың рухани-танымдық көкжиегін кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Ардагерлер сыйға тартқан әрбір кітап – өмірлік тәжірибе мен тағылымды тарихты кейінгі буынға жеткізетін құнды мұра. Мұндай бастамалар жастарды кітап оқуға баулып қана қоймай, аға буынның өнегелі жолын насихаттауға және рухани сабақтастықты қалыптастыруға ықпал етеді.