Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Жетісу облысы Әділет департаменті, Текелі қаласының ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі мен Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, құқықтық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ қызмет барысында заңдылық пен адалдық қағидаттарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.