Ахмет Байтұрсынұлы музейінде «Заң – теңдік пен тәртіптің кепілі» атты семинар өтті

Ахмет Байтұрсынұлы музейінде «Заң – теңдік пен тәртіптің кепілі» атты семинар өтті

26 тамыз күні Ахмет Байтұрсынұлы музейінде «Заң – теңдік пен тәртіптің кепілі» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының өкілдері қатысты.

Семинар барысында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және заң алдындағы теңдік қағидаттарын нығайту мәселелері, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы арттырудың маңызы талқыланды.

Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және қоғамдағы әділдік пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.