Ақмола облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері талқыланды

Ақмола облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері талқыланды

Ақмола облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері талқыланды

         2026 жылғы 24 тамызда Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Отырысқа Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Кабдрахманова қатысты.         Комиссия отырысында өңірдің білім беру жүйесін дамыту, балалардың құқықтарын қорғау және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, 2023–2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясындағы жетістіктер мен алдағы міндеттер, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту және білім беру инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастыру, қабылдаушы отбасыларды қолдау және кәсіби қабылдаушы отбасы институтын дамытуға ерекше назар аударылды.

         Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдардың ақпараттары тыңдалып, өңірдің әлеуметтік саласын одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстар мен нақты міндеттер айқындалды.