Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болды

        2026 жылғы 2 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры ауданға жұмыс сапарымен келді.
       Сапар аясында Ержан Ерғанатұлы Дүйсекенов «Новоишим мелькомбинаты» ЖШС-не барып, роботтандырылған құрама жем зауытының тыныс-тіршілігімен, оның өндірістік қуатымен және кәсіпорынды одан әрі дамытудың перспективаларымен танысты.

Сонымен қатар, облыс прокуроры «Astana-Logistik KZ» ЖШС-нің вагон жөндеу депосының құрылыс барысын көрді.

Жобаны жүзеге асыру аясында жүк вагондарын, сондай-ақ жылжымалы құрамның тораптары мен бөлшектерін жөндеуге арналған заманауи технологиялық жабдықтарды орнату көзделіп отыр.

Мұндай инвестициялық және өндірістік жобалар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Өнеркәсіптік өндірісті кеңейту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді.