АҚКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін Үлкеншыған ауылдық округінің әкімі Тумакбаев Еділ Асанұлы Ақкент ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауаптар алды.