ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ

Бүгін Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жергілікті салықтарды әкімшілендіру: есептеу және төлеу тәртібі» тақырыбында брифинг өтті.

 Спикер — Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Мейрамбек Көкенов.

Брифинг барысында 2026 жылғы жалпыға бірдей декларациялау тәртібіндегі негізгі өзгерістер, 270.00 нысанын тапсыруға міндетті тұлғалар, декларацияны ұсыну мерзімі мен тәсілдері түсіндірілді.

Атап айтқанда, 240.00 нысанының жойылып, мәліметтердің 270.00 нысанына біріктірілгені, декларация тапсыру тәртібінің жеңілдетілгені айтылды.

 270.00 нысанын 2025 есепті жыл үшін тапсырудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 15 қыркүйек.

Декларацияны электронды түрде eGov.kz, e-Salyq Azamat, Салық төлеуші кабинеті, СӘБЖ, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді сервистері арқылы тапсыруға болады.