Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтың қатысуымен №54 мекемесінде бірлескен жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтың қатысуымен №54 мекемесінде бірлескен жеке қабылдау ұйымдастырылды.

2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезовтың қатысуымен №54 мекемесінде бірлескен жеке қабылдау ұйымдастырылды.

Қабылдауға Денсаулық сақтау басқармасы, №54 мекемесінің басшылығы және мекеменің медициналық бөлім меңгерушісі қатысты.

 Жеке қабылдау барысында сотталған азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалып, олардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты мәселелер жан-жақты қаралды.

 Әрбір сауалға заң аясында жауап беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық түсіндірмелер ұсынылды.

 Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес азаматтарға өз құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заңда көзделген тәсілдері түсіндірілді.