2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Н. Мырзабай және «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі Қ. Серікбай Ақсу сауықтыру лагеріне барды.
Кездесу «Балаларға заңмен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылып, балаларға құқықтық сауаттылықты арттыру, адам құқықтарын қорғау және Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, кездесуде балалар арасындағы буллинг мәселесіне ерекше назар аударылды. Буллингтің түрлері, оның бала психологиясына тигізетін әсері, мұндай жағдайдың алдын алу және қиын жағдайға тап болған кезде кімнен көмек сұрауға болатыны түсіндірілді.
Балалар өз құқықтары мен міндеттері туралы біліп қана қоймай, өзара сыйластық, жауапкершілік және бір-біріне қолдау көрсету құндылықтарының маңыздылығын талқылады.
Осындай кездесулердің басты мақсаты – балалардың құқықтық білімін арттыру, өз құқықтарын қорғауға үйрету және қауіпсіз орта қалыптастыру.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің маманы Н. Мырзабай және «Еркіндік рухы» комиссиясының мүшесі Қ. Серікбай Ақсу сауықтыру лагеріне барды.