2026 жылғы 14 тамызда Қазанка ауылында мал шаруашылығын дамыту және оны тиімді жүргізу мәселелеріне арналған семинар өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға ауыл шаруашылығы жануарларын дұрыс күтіп-баптау, азықтандыру, қажетті жағдай жасау, аурулардың алдын алу және мал өнімділігін арттырудың заманауи тәсілдері туралы ақпарат берілді.
Сондай-ақ мал шаруашылығында заманауи технологиялар мен жаңа әдістерді қолдануға ерекше көңіл бөлінді. Аталған технологиялар шаруашылықтардың тиімділігін арттыруға, өнім сапасын жақсартуға және малды күтіп-бағуға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Семинарға қатысушылар пайдалы ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алып, тәжірибе алмасты.
Мұндай іс-шараларды өткізу ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің білім деңгейін арттыруға және мал шаруашылығы саласына заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.