ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сырым ауданының білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Жаңа оқу жылында білім алушыларды қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 📖✅

📦 2026–2027 оқу жылына сатып алынған оқулықтар аудан орталығына уақтылы жеткізіліп, тасымалдаушыдан белгіленген тәртіппен қабылданып алынды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдардың 2+, 3+, 4+ топтарына арналған оқу-әдістемелік құралдар, мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сынып оқушыларына арналған дәптерлер жеткізілді.

📕 Атап айтқанда, 3-сыныпқа арналған «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» оқулықтары («Атамұра» баспасы), «Математика», «Дүниетану», «Музыка» оқулықтары («Алматыкітап» баспасы), сондай-ақ 7-сыныпқа арналған «Дүние жүзі тарихы» оқулығы («Мектеп» баспасы) алынды.

🚚 Жеткізілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына таратылуда.

🎒 Жаңа оқу жылы басталғанға дейін оқушыларды қажетті оқулықтармен толық қамтамасыз ету жұмыстары аяқталатын болады.

Барша білім алушыларға сәтті оқу жылын тілейміз! 💐