Қайнарлы ауылдық округі әкімі Д. Идрисов Білім күнімен құттықтады.
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрметті ұстаздар! Сіздердің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріңіз өлшеусіз. Ұстаздық жолдағы еңбектеріңізге шығармашылық табыс, мықты денсаулық және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілеймін.
Қымбатты оқушылар! Жаңа оқу жылында білімге деген құштарлықтарыңыз артып, әр күндеріңіз жаңа ізденіс пен жақсы жаңалықтарға толы болсын. Армандарыңызға нық қадам басып, еліміздің білімді де білікті азаматтары болуларыңызға тілектеспін.
Баршаңызға жаңа оқу жылында зор денсаулық, мол табыс, шығармашылық шабыт және толағай жетістіктер тілеймін!