Лудоманияның алдын алу бойынша семинар-кеңес
2026 жылғы 27 тамызда Комитет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілері үшін лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау тақырыбында онлайн форматта семинар-кеңес өткізді.
Лектор ретінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының оқытушылары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Байгаскина З.С., сондай-ақ Комитеттің әдеп жөніндегі уәкілі Мергенбаева А.С. сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушыларға ойынға тәуелділіктің негізгі тәуекелдері мен салдары, мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәстерге қатысуына заңнамалық тыйым салу талаптары, сондай-ақ eGov Mobile сервисі арқылы ерікті түрде өзін-өзі шектеу мүмкіндіктері түсіндірілді.