Атырау облысы ТЖД қызмтеткерлері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Кубогынің жеңімпаздарын қарсы алды.

Атырау облысы ТЖД қызмтеткерлері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Кубогынің жеңімпаздарын қарсы алды.

26-29 тамыз аралығында Щучинск қаласында ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан ҚР Кубогы өткен болатын.

Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірінен 15 команда және 240-қа жуық спортшы қатысты.
ТЖМ-нің құрама командасы жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды (41 медаль: 12 алтын, 11 күміс және 18 қола).

Атырау облысы Төтенше жағдай департаментінің намысын 7 спортшымыз қорғаған болатын.
Жарыс қортындысы бойынша:
«Өзін-өзі қорғау» сайысынан әйелдер арасында 70 кг жоғары салмақ дәрежесінде Аида Хайруллина 1 орын. Ерлер арасында абсолюттік салмақ дәрежесінде Бек Насихатов 3 орын.
«Жекпе-жек» сайысында 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орын – Абылай Тасымов, 97 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орын – Саламат Ермеков, абсолюттік салмақ дәрежесінде Мухаммед Жулдаев 3 орын.

Спортшыларымызды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз.