26.08.2026 жылы Алматы облысының Әділет департаменті, Алматы облысы Іле ауданының Отбасын қолдау орталығымен бірлесіп, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету шеңберінде «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары және заң кеңесшілері қатысты. Іс-шара барысында азаматтарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және іске асыруға қатысты мәселелер бойынша, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, азаматтық-құқықтық қатынастар және өзге де құқықтық мәселелер бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді. Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.