1 қыркүйек – Білім күніне орай Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мектепке барып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Салтанатты жиын барысында Департамент бастығы оқушыларға ізгі тілегін білдіріп, жаңа оқу жылында білім алуда биік жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.
«Білім – ел болашағының берік негізі. Бүгінгі жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы – мемлекетіміздің басты басымдықтарының бірі. Жаңа оқу жылында әрқайсыңызға сәттілік, табандылық және толағай жетістіктер тілеймін. Әр күндеріңіз жаңа білім мен жақсы жаңалықтарға толы болсын», – деді Департамент бастығы.