2026 жылғы 1 қыркүйек күні Бөрлі аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жанар Жақсығалиева мектеп директорларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында 2026–2027 оқу жылына арналған үлгілік оқу жоспарларының ерекшеліктері, таңдау курстарын енгізу тәртібі, сондай-ақ бастауыш сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі талқыланды.
Сонымен қатар мектеп басшыларына жаңа оқу жылында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Кездесу барысында білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелер қарастырылып, мектеп директорлары тарапынан қойылған сұрақтарға түсіндірмелер берілді.
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ