1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Білім – ел болашағының берік негізі, ал ұстаз – сол білімнің шамын жағатын ұлы тұлға. Жаңа оқу жылы баршаңызға жаңа жетістіктер, биік белестер мен толағай табыстар әкелсін!

Ұстаздарға – шығармашылық шабыт пен еңбектеріңізге жеміс, оқушыларға – білімге деген құштарлық пен үздік нәтижелер, ата-аналарға – балаларының қуанышын көруді тілейміз.

Жаңа оқу жылы құтты болсын! 

Білім жолындағы әр қадамдарыңыз сәттілікке бастасын!