«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- «Ақмола облысы бойынша толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының
2026 жылғы 22 шілдедегі №8С-31-3 шешіміне толықтырулар
енгізу туралы».
- «Ақмола облысында ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-6 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы».
- «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы».
- «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын берудің қағидаларын бекіту туралы».
- «Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы».
- «Ақмола облысының эмблемасын бекіту туралы».
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов