1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

Бүгін Жыланды ауылындағы білім беру мекемесінде жаңа оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.Жиынға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар және ауыл тұрғындары қатысты. Салтанатты шара барысында білім алушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, ұстаздарға еңбектеріне шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тіленді.Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары үшін бұл күн ерекше қуанышқа толы болды. Білім әлеміне қадам басқан бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, олардың жарқын болашағына ізгі тілектер білдірілді.Жаңа оқу жылы – жаңа мақсаттар мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Барша оқушыларға сапалы білім, биік жетістіктер, ұстаздарға шығармашылық шабыт, ал ата-аналарға балаларының қуанышын көруді тілейміз! Жаңа оқу жылы құтты болсын! Білім жолындағы әр қадамдарыңыз сәттілікке бастасын!