Учаскелік полиция инспекторлары күніне орай шағын футболдан жарыс өтті

Учаскелік полиция инспекторлары күніне орай шағын футболдан жарыс өтті

Учаскелік полиция инспекторлары күніне орай Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Баржиковтың нұсқауына сәйкес, бөлімнің жеке құрамы арасында шағын футболдан спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың негізгі мақсаты – полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайту және әріптестер арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру.

Тартысты өткен спорттық дода қорытындысы бойынша:

  • I орын – учаскелік полиция инспекторларының командасы;
  • II орын – тергеу бөлімшесінің командасы;
  • III орын – патрульдік полиция ротасының командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы кубоктар, медальдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

Полиция қызметкерлері арасында өткізілетін мұндай спорттық іс-шаралар олардың дене дайындығын жетілдіруге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, ұжымдағы ауызбіршілікті нығайтуға және қызметтік міндеттерді сапалы орындауға оң ықпал етеді.

https://www.instagram.com/reel/Dctxg_3KlDp/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==