22 сәуір – Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

22 сәуір – Халықаралық планетаны көгалдандыру күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының Қазақстанның бастамасымен 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялау туралы қарар қабылдауыеліміздің экология саласында жүргізіп отырған жұмысына берілген маңызды халықаралық баға.

Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте ұсынған болатын. Қазақстанның ұсынысын әлемнің түрлі өңірлерінен 32 мемлекет қолдады.

Қазақстанда көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Оның негізгі бағыттарыормандарды қалпына келтіру, орман алқаптарын ұлғайту, шөлейттенудің алдын алу, климаттың өзгеру салдарын азайту және елді мекендерді көгалдандыру.

2021–2025 жылдары мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млн гектардан астам жерде 1,6 млрд-тан астам көшет отырғызылып, тұқым себілді. 2026 жылы 210 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланған. Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын 2027 жылдың соңына дейін орындау көзделіп отыр.

Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарыда жалғасуда. 2021–2025 жылдары жоспарланған 15 млн ағаштың орнына шамамен 18,4 млн ағаш отырғызылды. Алдағы уақытта аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ қалалардың айналасында жасыл аймақтар құруға басымдық беріледі.

Арал теңізінің құрғаған табанында да ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2021–2025 жылдары 1,1 млн гектардан астам аумақ орман-мелиорациялық жұмыстармен қамтылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Сонымен қатар көшет өсіруге қажетті инфрақұрылымды дамыту және атқарылатын жұмыстарды ғылыми сүйемелдеу қарастырылған.

«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бастамасы аясында соңғы екі жылда елімізде 1,5 мыңға жуық экологиялық іс-шара өткізіліп, шамамен 5,5 млн ағаш отырғызылды. Экологиялық іс-шараларға жыл сайын миллиондаған азамат пен ерікті қатысады.

Қазіргі міндетағаш отырғызу көлемін арттырумен қатар, оның сапасына да көңіл бөлу. Осыған байланысты орман питомниктерін дамыту, өңірлерді жергілікті жағдайға бейімделген көшеттермен қамтамасыз ету, отырғызылған ағаштардың жерсінуін бақылау және елді мекендердің айналасындағы жасыл аймақтарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы бағыттардың біріОрталық Азия елдерінің «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік бастамасы. Оның аясында қорғаныш орман екпелері мен жасыл белдеулер құру көзделген. Қазақстанда осы бастама шеңберінде 1 млн гектардан астам аумақта орман екпелерін отырғызу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар халықаралық климаттық қаржыландыруды тарта отырып, орман-климаттық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасында биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі 2026–2035 жылдарға арналған тұжырымдамада да ормандарды қорғау және молықтыруға ерекше көңіл бөлінген.

Тұжырымдамаға сәйкес, орманмен көмкерілген аумақтарды 2026 жылғы 14,03 млн гектардан 2035 жылға қарай 14,7 млн гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Сонымен бірге ормандарды молықтыру, орман өсіруге жарамды жаңа жерлерді анықтау, орманды қалпына келтіру және көгалдандыру жұмыстары жалғасады.

Осы жұмыстардың барлығы еліміздің жасыл қорын ұлғайтуға және табиғи экожүйелерді сақтауға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

Халықаралық планетаны көгалдандыру күнінің белгіленуі елдерді ортақ экологиялық мәселелерді шешуге біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл күні мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ғылыми қауымдастық, бизнес, еріктілер мен тұрғындар жерлерді қалпына келтіру, орман алқаптарын көбейту және елді мекендерді көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға назар аудара алады.

Қазақстан осы бастаманы ұсынған мемлекет ретінде елдегі көгалдандыру және ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті.