«Таза Қазақстан» акциясы аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сенбілік өткізді

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мұнайлы ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Н. Баржиковтың нұсқауына сәйкес, бөлімнің жеке құрамы аумақта сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.

Полиция қызметкерлері өз аумағын тазалап, қоршаған ортаны күтіп ұстауға және абаттандыруға үлес қосты.

Тазалық – баршаға ортақ міндет. Әрбір азамат қоршаған ортаны таза ұстауға және туған өлкенің көркеюіне өз үлесін қосуы қажет.

https://www.instagram.com/reel/DcoUhRxq_aJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=NTc4MTIwNjQ2YQ==