Жаңа оқу жылына – жаңа мүмкіндік

Жаңа оқу жылына – жаңа мүмкіндік

Алматы облысында жаңа оқу жылын әр бала қуанышпен қарсы алуы үшін игі шаралар жалғасуда.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Алматы облыстық мәслихатының депутаттары 10 миллион теңгеге жуық қаржыға 400-ден астам балаға мектепке қажетті оқу құралдары, сөмкелер, мектеп формасы мен спорттық киімдер табыстады.
Сонымен қатар, 8 балалы отбасыға 10 сотық жер телімі мен үй берілді. Бұл – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасыларға көрсетілген нақты қолдау. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен ата-аналардың алғысы – осы игі істің ең үлкен нәтижесі.
Баланың білімге деген ынтасын арттырып, мектепке алаңсыз баруына жағдай жасау – баршамызға ортақ міндет.
Жаңа оқу жылы әр балаға жаңа мүмкіндік, биік мақсат және жарқын жетістіктер әкелсін!