Көптеген салық қызметтерін мемлекеттік кіріс органдарына бармай-ақ, portal.kgd.gov.kz сайты арқылы онлайн алуға болатынын еске саламыз. Порталда салық төлеушілер, контрагенттер, ҚҚС төлеушілер, салық режимдері, бақылау-касса машиналарының тіркелуі және басқа да қажетті мәліметтерді тексеруге болады. Сондай-ақ салық берешегін тексеру мүмкіндігі қарастырылған. Пайдаланушылар өздерінің берешегін, алдағы төлемдерін көріп, салықты онлайн төлей алады. Бұдан бөлек, порталда салық калькуляторлары, салық есептілігінің нысандары, салықтық өтініштер және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған. Азаматтар мен кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін онлайн кезекке брондау қызметі де жұмыс істейді. Егер сервистердің жұмысына қатысты ұсыныстарыңыз немесе ескертулеріңіз болса, порталдағы QR-код арқылы пікір қалдыра аласыз. Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық сервистерін пайдаланыңыз.
МКК порталындағы онлайн салық қызметтері