2026 жылы 31 тамызда кент әкімі Е.С. Исатаевтың төрағалығымен Новодолинский кенті әкімінің аппаратында жергілікті қоғамдастықтың кезекті отырысы өткізілді.
Отырыстың күн тәртібіне қызмет көрсетуші «Кропачева» ЖК-нің қатысуымен күзгі кезеңде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі енгізіліп, жергілікті қоғамдастық мүшелері аулаларды абаттандыру және тазалау, бұтақтарды жинақтап сақтау, сондай-ақ ірі көлемді қоқыстарды шығару мәселелерін көтерді.
Отырыста ұсынылған ақпарат пен айтылған ұсыныстар назарға алынып, жұмысқа қабылданды.
«Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ