«Тазалық – тәртіптің бастауы» экологиялық акциясы

«Тазалық – тәртіптің бастауы» экологиялық акциясы

«Тазалық – тәртіптің бастауы» экологиялық акциясы аясында Мәдениет үйінің қызметкерлері сенбілік өткізді.

Сенбілік барысында Мәдениет үйінің ауласы тазаланып, айналасы қоқыстан аршылды. Қызметкерлер аумақты ретке келтіріп, тазалық жұмыстарын жүргізді.Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған жерге деген жанашырлықты арттыру және тазалық мәдениетін қалыптастыру.

Тазалық – әр адамның ортақ міндеті!