180,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

180,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді

2026 жылы ауыл шаруашылығы саласын қолдау аясында 33,5 млрд. теңге қаржы (субсидия) бөлініп, бүгінгі күні облыстағы 7,5 мыңнан астам шаруаға 29,4 млрд. теңге субсидия төленді. Сондай-ақ, қаржы институттары мен микроқаржы ұйымдары арқылы 661 агроқұрылымға 14,7 млрд. теңге несие берілді.

Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде жыл басынан бері ауыл шаруашылығында 180,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 5,5% өсім көрсетті. Оның ішінде егін шаруашылығында 47,7  млрд. теңгенің, мал шаруашылығында 132,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Сондай-ақ, салаға 129,0 млрд. теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 12,2% орындалды.