Атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша ашық есік күні

Атом энергиясын пайдалану мәселелері бойынша ашық есік күні

2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 16:00  Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитетінде (бұдан әрі – Комитет) азаматтарға консультациялық көмек көрсету мақсатында ашық есік күні өтеді.

Іс-шара барысында азаматтар Комитеттің құзыртіне кіретін мәселелер бойынша мамандардан консультациялар ала алады, оның ішінде:

  • атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;
  • атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті лицензиялау;
  • ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • атом энергиясын пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарын сақтау.

Азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Комитет мамандарынан тиісті түсіндірмелер ала алады.

Қатысуға өтінімдер 2026 жылғы 5 қыркүйек күні 13:00-ге дейін:57-14-90 телефоны арқылы, сондай-ақ g.bayakhmetova@atom.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау мен бақылау комитеті, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 57 А.