Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті жоспардан тыс аттестаттау өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 26 наурыздағы №218 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде қызметкерлерді жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу жүргізіледі.

Аттестаттаудың мақсаты:

            Жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсынуға арналған кадрлық жоспарлауды қамтамасыз ету.

2022 жылғы 29 қыркүйектегі №773 ІІМ бұйрығына сәйкес, Департамент бастығының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын, сондай-ақ жоспардан тыс аттестаттаудан өтуге ниет білдірген қызметкерлер хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне:

  • 1-қосымшаға сәйкес баянат;
  • «1С» жүйесі арқылы қалыптастырылған қызметтік тізімді

ұсынуы қажет.

 

Келесі санаттағы қызметкерлер жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейді:

  1. Басшылық лауазымдарға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндер (ІІМ-нің 2025 жылғы 30шілдедегі №124 бұйрығы);
  2. Қолданыстағы тәртіптік жазасы барлар;
  3. Қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғалар.

Қосымша ақпарат алу үшін

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесіне хабарласуға болады:

📞 Телефондар:
8 (7242) 21-48-29
8 (700) 340-96-11

📧 Электрондық пошта: a.berkinbekov@mvd.gov.kz

Ескерту:Жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.

Қызылорда облысы бойынша

қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің

жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесі