Облыс аумағында 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз айналымдағы атыс қаруын тәркілеу, ұрланған және жоғалған қаруларды іздестіру, сондай-ақ қару қолданылатын қылмыстардың алдын алу.
Шара барысында азаматтық қару иелерінің қаруды сақтау талаптарын сақтауына тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.