Білім күні – кемел келешекке бастар жол

Білім күні – кемел келешекке бастар жол

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР, ҰСТАЗДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАР!

Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек – білім мен ізденіске бастайтын, жаңа арман мен үлкен мақсаттарға жол ашатын ерекше күн. Әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны бөлек.

Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы. Сондықтан жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – баршамызға ортақ маңызды міндет.

Ардақты ұстаздарға еңбектеріңізге шығармашылық табыс, шәкірттеріңізге биік жетістіктер тілеймін! Оқушылардың әр күні жаңа біліммен, жақсы жаңалықпен және жарқын жеңістермен толы болсын!

Жаңа оқу жылы құтты болсын! Әр шаңыраққа амандық, береке және қуаныш тілеймін!

Құрметпен,
Облыстық мәслихат төрағасы                                               Қуат Байғоджаев