Заң - сенің бағдарың!

Заң - сенің бағдарың!

«Саналы Ұрпақ» жобасын іске асыру аясында Алматы облысының прокуратурасы Алматы облысының білім басқармасымен бірлесіп, өңірдегі 41 колледждің барлығында профилактикалық түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Қабылдау науқаны кезеңінде 3 мыңнан астам талапкер мен олардың ата-аналары қамтылды.

Кездесулер барысында заң талаптарын сақтау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен түрлері түсіндірілді.

Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға, сондай-ақ түрлі жағдайларда әрекет етудің құқықтық алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.

Жобаның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген жауапты көзқарасты қалыптастыру және маңызды ұстанымды жеткізу: заң – дұрыс таңдау жасауға бағыт беретін негізгі бағдар.

#Заң_мен_тәртіп