Медициналық ұйымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Медициналық ұйымдармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 28 тамызда Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптаманы (МӘС) ұйымдастыру және бақылау бөлімінің мамандары Қаражал, Жәйрем, Ұлытау және Жаңаарқа медициналық ұйымдарының дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) төрағаларымен, отбасылық дәрігерлермен және жалпы практика фельдшерлерімен Zoom форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға негізсіз жолдау, медициналық құжаттарды сапалы дайындау, оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) қалыптастыру және техникалық оңалту құралдарын (ТОҚ) тағайындау мәселелері қаралды.

Сонымен қатар өңірдегі және медициналық ұйымдардағы аурушаңдық құрылымына талдау жүргізіліп, медициналық-әлеуметтік сараптамадан қашықтан проактивті форматта өтуге жататын пациенттер резервін анықтау мәселесі талқыланды.

Бөлім мамандары азаматтарды МӘС-ке жолдау тәртібі, медициналық құжаттарды сапалы дайындау және МӘС жүргізудің қашықтан проактивті форматын дамыту бойынша практикалық түсіндірмелер мен ұсынымдар берді.

 

Мұндай кездесулер медициналық ұйымдар мен МӘС қызметі арасындағы өзара іс-қимылдың сапасын арттыруға және азаматтарды қашықтан проактивті форматта куәландыруды одан әрі дамытуға бағытталған.