Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің хабарламасы
4 қыркүйек күні сағат 15:00-де Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің
кезекті отырысы өтеді, отырыста келесі мәселелер қаралады:
1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша
департаментінің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері, сондай-ақ
мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
туралы.
2. Аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы және «Мектепке
жол» акциясының нәтижелері туралы.
3. Аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі
комиссияның жұмысы туралы.
4. Әлеуметтік объектілерді жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға бейімдеу
бағдарламасының орындалу барысы туралы.
Қаралатын мәселелер бойынша ескертулер мен ұсыныстарыңызды
maslihat.fed@gmail.com электрондық поштасына немесе 21687 телефоны
арқылы жолдауыңызды сұраймыз.
Қоғамдық кеңестің төрайымы С. Баймурзина