27 тамыз күні Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары аясында Алматы облыстық мәслихат төрағасының міндетін атқарушысы Болатжан Саймасайұлы Нұрбеков Райымбек ауданына барып, бірқатар әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар барысында Қайнар ауылындағы спорт кешенінің және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған тұрғын үйлердің құрылыс барысы қаралды.
Сондай-ақ «Ерік» шаруа қожалығының жұмысымен танысып, ауданның шаруа қожалықтары басшыларымен кездесу өтті. Кездесуде ауыл шаруашылығын дамыту, егін және мал шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Жамбыл ауылдық округінде тұрғындардың жеке қабылдауы ұйымдастырылып, олардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Жамбыл ауылдық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен есептік кездесу өтіп, аудан және облыс әкімдерінің баяндамалары тыңдалды. Кездесу барысында тұрғындардың сауалдарына жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер жасалды.
Райымбек ауданындағы әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысымен танысу