Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Ақсу қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақсу су арнасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құдықтарда және тұйық кеңістіктерде жұмыстарды қауіпсіз орындау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, сондай-ақ қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындау кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері талқыланды.