🔹 «Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 24 тамызда Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова авторлық құқықты қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күні» өткізді.
🔹 Консультация барысында Қазақстан Республикасының заңнамасының негізгі ережелері, оның ішінде шығармашылық қызмет нәтижелеріне және мәдени әрі тарихи маңызы бар объектілерге қатысты материалдарға құқықтарды қорғау мәселелері түсіндірілді.
🔹 Авторлықты растаудың және құқықтар бұзылған жағдайда оларды қорғаудың практикалық тетіктеріне ерекше назар аударылды.
🔹 Мұндай консультациялар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және зияткерлік меншікке құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі