«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Қағидаларда айқындалған.
Мемлекеттік қызметті «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі электрондық форматта көрсетеді.
Қызметті онлайн түрінде алу кезеңдері:
- www.egov.kz сілтемесі бойынша «Электрондық үкіметтің» веб-порталына өтіңіз, содан кейін төменгі оң жақ бұрышта «Электрондық лицензиялауды»таңдаңыз.
- Жүйеге кіру немесе «Электрондық лицензиялау» порталында тіркелу.
- «Жер қатынастары» қызметінің қажетті кіші түрін таңдап, «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»батырмасы бойынша өтіңіз.
- Қажетті деректерді көрсетіңіз, өтініш толтырыңыз, ЭЦҚ-ға қол қойыңыз және электрондық жерге орналастыру жобасын тіркеңіз.
- Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтініштерім»бөлімінде бақылауға болады. Рұқсат алу туралы (жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық) «Менің рұқсат беру құжаттарым» бөлімінен, хабарлама алу туралы (Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) – «Менің хабарламаларым» бөлімінен біле аласыз.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздеме болып табылады:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
«Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ