"Заң және әр - қадам
кепілі»
Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлерінің бірлесуімен «Заң және тәртіп» тақырыбын арқау ете отырып, «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында діннің қоғамдағы орны, рухани құндылықтардың маңызы, діни сауаттылық және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды.
Дін - адамды имандылыққа, ізгілікке, бейбітшілік пен татулыққа үндейтін рухани құндылық. Ал заң мен тәртіпті сақтау - қоғам қауіпсіздігі мен ел тұрақтылығының басты кепілі.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - қызметкерлердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардың алдын алу және қоғамда бейбітшілік пен бірлікті нығайту. Заңға құрмет - тәртіптің бастауы, тәртіп бар жерде - қауіпсіз қоғам!
"Заң және әр - қадам кепілі» Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлерінің бірлесуімен «Заң және тәртіп» тақырыбын арқау ете отырып, «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.