Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы қазақ күресінен XII әлем чемпионатының қола жүлдегері, полиция аға лейтенанты Еңбек Сақтағановты салтанатты түрде қарсы алды.
Әзербайжан астанасы Баку қаласында 22–23 тамыз күндері өткен ересектер арасындағы XII әлем чемпионатында Қызылорда облысы ПД ЖҚАЖ қызметкері 90 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жүлделі III орынға ие болды.
Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғап, қола жүлдеге қол жеткізген әріптесімізді департаменттің жеке құрамы құрметпен қарсы алып, айтулы жетістігімен құттықтады.
Салтанатты қарсы алу барысында Еңбек Сақтағановқа қызметте табыс, спортта жаңа жеңістер тілеп, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына ізгі тілектер білдірілді.
Әріптесімізді айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа жеңістеріңіз көп болсын!