2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру туралы
Маңғыстау облысының жұмыспен қатуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген, «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларының» 6-тармағына сәйкес, 2027 жылға арналған квотаға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Өтінімдер 2026 жылдың 1 қазанға дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлесту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының атына жазылған тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;
2) ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН, ОКЭД (экономикалық түрі), ағымдағы жылы жұмыс жасайтын шетелдік азаматтардың саны (егер олар болса), 2027 жылы тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінін саны санаттар шегінде көрсетілген екі тілдегі кесте. Кесте толтырған кезде тартылатын шетелдік жұмыс күші бойынша толық негіздеме ұсыну қажет, сондай-ақ 2027 жылы жоспарланған жобалар, көрсетілетін қызметтер бойынша келісім-шарт, келісімдерді көрсету қажет (келісім-шарттардың көшірмелерін ұсынуды қажеті жоқ, олардың нөмірі мен мерзімдерін, сонымен қатар көрсетілетін қызметтін атауын ұсыну).
3) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;
Құжаттар толық көлемде немесе бекітілген нысанға сәйкес келмеген жағдайда тапсырылған құжаттар кері қайтарылады.
Өтінім берудің соңғы мерзімі: 2026 жылғы 30 қыркүйек, сағат 18:30-ға дейін.
Өтінімді қайда беру керек:
– қағаз түрінде МО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Ақтау қ, 24 ш/а, 15 ғимарат, 411каб);
– электрондық нұсқасын zh.nurgazyeva@mangystau.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі. (электронды word нұсқасын қоса жолдауыңыз қажет).
Тел: 8 (7292) 20-09-37
20-09-46 канцелярия