ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
 
🇰🇿 Төлеби ауданында кадрлық ауыс-түйіс орын алды. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы өзге қызметке ауысуына байланысты әріптестерімен қоштасты.
 
✅ Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы салаларының өркендеуіне жауапты бағыттарды абыроймен атқарған Бауыржан Қайратұлын әріптестері құрметпен шығарып салды.
 
✅ Салтанатты жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов Бауыржан Қайратұлының ауданның дамуына қосқан еңбегін атап өтіп, оған Алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, ел дәстүріне сай иығына шапан жауып, ақ жол тіледі.
Өз кезегінде Бауыржан Қайратұлы әріптестеріне ризашылығын білдіріп, бірлескен еңбек жылдарындағы қолдау мен сыйластық үшін алғысын жеткізді.
 
🌿 Қызмет ауысқанымен, ел игілігі жолындағы еңбек пен азаматтық жауапкершілік жалғаса бермек. Бауыржан Қайратұлына жаңа қызметінде толағай табыс, абырой биігінен көрінуіне тілектестік білдіреміз!
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі