БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2026 жылғы 26 тамызда сағат 15:00-де Қарағанды облыстық мәслихатының конференц-залында Әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтеді.
Отырыс аясында келесі мәселелер қаралатын болады:
- Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау аясында ПАЗ есірткі тұтынудың алдын алу және халық арасында есірткі құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың тиімділігі мен әдістері туралы.
- Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 маусымдағы №407 «Қарағанды облысындағы спорт саласының жай-күйі мен даму перспективалары туралы» шешімін орындау аясында Қарағанды облысы бойынша, оның ішінде қалалар мен аудандар бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы проблемалық мәселелерді жүйелі шешу жөніндегі 2027-2029 жылдарға арналған іс-шаралардың перспективалық жоспарын қарау.
- Қарағанды облыстық мәслихатының 2021 жылғы 25 ақпандағы №34 «Амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың кепілдік берілген көлемін Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылысы» жобасын «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларының тізбесіне енгізу мүмкіндігін қарау туралы.
- Қарағанды облысы бойынша денсаулық сақтау жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесін құру туралы.
- Қарағанды облысының өңірлік нышанын бекіту туралы.
Мәселелерді талқылауға Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары, бейінді мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдері қатысады.
Қатысу бойынша сұрақтар мен қосымша ақпарат үшін:
Телефон: 506-673 (ішкі 6113)
Е-mail: obl@karoblmaslihat.gov.kz
Отырыстың онлайн көрсетілімі: