МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАРАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ҚАРАЛДЫ
📌Мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымының белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалап, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған маңызды рәсім.
📌Осыған байланысты Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы М. Бекмағанбетов мектепке дейінгі ұйымның мемлекеттік аттестаттау қорытындысын шығару жөніндегі аттестаттау комиссиясының отырысына қатысты.
📝Отырыс барысында мектепке дейінгі ұйымның мемлекеттік аттестаттау шеңберінде ұсынылған материалдары қаралып, білім беру қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігі талқыланды.
📌Мемлекеттік аттестаттау барысында ұйымның білім беру қызметінің тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптарына сәйкестігі, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы және тәрбиеленушілерге көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы бағаланды.
📌Комиссия мүшелері ұсынылған материалдарды талқылап, мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылдады