АҚТАС ПЕН АҚЖАРДА ЖАҢА АЛАҢШАЛАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ

АҚТАС ПЕН АҚЖАРДА ЖАҢА АЛАҢШАЛАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛУДЕ

Тұран ауданындағы Ақтас және Ақжар елді мекендерінде балалар ойын және спорт алаңшалары тұрғындар игілігіне пайдалануға берілуде.


Жаңа нысандар «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсыныстары мен бастамалары негізінде жүзеге асырылуда.


Аталған алаңшалар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен шұғылдануына және тұрғындардың белсенді демалысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Тұрғындардың ұсынысы – нақты іске ұласқан игі бастама