«Үздік аула – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды!

«Үздік аула – 2026» байқауының жеңімпазы анықталды!

​Ауылымыздың көркіне көрік қосып, өзгелерге үлгі болып жүрген үлгілі шаңырақтар аз емес. Солардың ішінде «Үздік аула» номинациясы бойынша Обаған ауылының тұрғыны Нұржанова Күлшат Қабдрешқызының ауласы дараланып, үздік деп танылды!

​Күлшат Қабдрешқызының ауласы – тазалық пен ұқыптылықтың, еңбекқорлық пен талғампаздықтың айқын үлгісі. Есігінің алды гүлге оранып, әрбір бұрышы ерекше ықыласпен күтіп-бапталған. Ауылдың ажарын ашып, айналасына сұлулық сыйлап отырған осындай тұрғындарымыз көп болсын!

​Күлшат Қабдрешқызын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, еңбегіңізге береке тілейміз!

--