Трассада алдыңғы әйнектері қараңғылатылған көлік жүргізушісі анықталды

Трассада алдыңғы әйнектері қараңғылатылған көлік жүргізушісі анықталды

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында автожолдарда жол қозғалысы ережелерінің сақталуына бақылау күшейтілді.

Жүргізілген рейдтік іс-шара барысында автокөліктің алдыңғы әйнектерін белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін деңгейде қараңғылап (тонировка) басқарған жүргізуші анықталды.

Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шара қолданылды.

Полиция қызметкерлері көлік құралын басқару кезінде жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Көлік әйнектерін рұқсатсыз қараңғылау жол қауіпсіздігіне кері әсер етіп, жүргізушінің жолды шолу мүмкіндігін төмендетуі мүмкін.

Жол ережесін сақтау – әр жүргізушінің міндеті!

https://www.instagram.com/reel/DcV33Jkt-oS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==